Өскемен мен Баян-Өлгей бауырлас қалалар атанбақ

Даниал Ахметов Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы әкімі Ғылымхан Айыппен кездестіҚос тарап білім беру, туризм және бизнес салаларында өзара тиімді серіктестік орнату жайында әңгіме қозғады. Моңғолиялық деллегация Өскемен мен Баян-Өлгейді туыстас қалалар ету ниетімен бөлісті.

       Кездесу шеңберінде Баян-Өлгей аймағының басшысы аймақтарының туристік әлеуеті, онда жыл сайын өтіп тұратын халықаралық бүркітшілер фестивалі туралы сөз қозғап, бұл жарқын іс-шара шығысқазақстандықтардың да қызығушылығын оятуы мүмкін деген ойымен бөлісті.

       Сондай-ақ, кездесу барысында Баян-Өлгейдегі көшелердің біріне Өскемен немесе Шығыс Қазақстан атауын беру туралы да ұсыныс білдірілді.

– Бауырлас қалалар болу туралы ұсыныстарыңызды қолдаймын, Өскемен қаласы әкіміне осы бағыттағы жұмыстарды тездеп қолға алуды тапсырамын, – деді Даниал Ахметов.

      Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысы мен Баян-Өлгей аймағы арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

    https://baq.kz/kk/news/mongoliya_kazaktari/oskemen_men_bayanolgii_tuistas_kalalar_atanbak20170815_092000

Добавить комментарий