Павлодарда «Ұлы дала Елі» атты фестиваль өтті

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірініші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Павлодар қаласында өткен «Ұлы дала Елі» фестивалінің жұмысына қатысты.

   Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 25 жылдығына орайластырылған фестиваль шеңберінде З.Тұрысбеков «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалының төрағасы – облыс әкімі  Б.Бакауовпен бірге фестивальдің шетелдік қонақтары – Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей және Қытайдан келген қазақтардың делегцияларымен кездесті.

    

    З.Тұрысбеков пен Б.Бакауов Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелері мен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында шетелдегі отандастарды қолдау бойынша Елбасының берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы айтып берді.

     Іс-шараның аясында фестивальға қатысушылар Павлодар облысының аймақтарында болып, Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан солтүстікке өз еркімен көшіп жатқан тұлғаларға мемлекеттік қолдау бойынша жұмыс шеңберінде облыста  жасалған жағдайлармен танысты.

         Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Баспасөз қызметі 

Добавить комментарий