Көңіл айтамыз

Атажұртқа оралған қандастарымыздың арасындағы белді де беделді азамат, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы РҚБ Павлодар облыстық филиалының басшысы Болат Зауытұлының туған қарындасы Жамал Заутқызының мезгілсіз қаза болуына байланысты әріптесімізге қайғысына ортақ екенімізді білдіріп көңіл айтамыз.

52 жасында дүниеден өткен Жамал марқұмның артында қалған ағайын-туысына, ұрпақ-жұрағатына болмасқа болаттай берік болыңыздар дейміз.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Добавить комментарий