Ресей қазақтарының қатысуымен “рухани жаңғыру” аясында жиын өтті

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен “Рухани жаңғыру және ресейлік қазақ диаспорасы: жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарды сақтау және жаңғырту”атты конференция өтті, деп хабарлайды ДҚҚ баспасөз қызметі.

Е.Өмірзақов атындағы облыстық Филармониясында өткен конференцияны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қостанай филиалының төрайымы Нәзира Жәрімбетова басқарып, жүргізді.
Қазақ халқының маңдайына біткен жұлдыздары Шақшақ Жәнібектің, Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Елдес Омаровтың, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Омаровтың кіндік қаны тамған Тобыл-Торғай өңірінде өткен жиналысқа арнайы шақырумен Ресейден келген Орынбордағы «Бәйтерек» қайырымдылық қорының басшысы Сәуле Совхозқызы Тәйкешева, Челябі облысы «Жақсылық» ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымының жетекшісі Юлит (Үміт) Байдәулетова, Қорған облысы қазақ жастар ұйымының жетекшісі Қайрат Науанұлы Оралов, Свердлов облысы «Евразия-Қазақстан» ұйым төрағасының орынбасары Ғалия Аманжолова, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Жастар орталығының жетекшісі, ақын Талапбек Тынысбекұлы, Қауамдастықтың Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі, әнші Меруеш Башайқызы, Жамбыл облыстық филилалы жеткшісінің көмекшісі Айман Сүйеубекқызы, Қазақстан халықтары Ассамблеясы Қостанай хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина және жергілікті жоғары оқу орындарының жетекшілері, ғалым, саясаттанушылар және жалпы зиялы қауым өкілдері қатыстып баяндамалар жасап, ой-пікірлерімен бөлісті.

Өз кезегінде Талапбек Тынысбекұлы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында, Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Концеренцияның екінші жартысында жиналғандар Ахмет Байтұрсынов ескерткішіне гүл шоғын қойып, мемориалдық музейін аралады. Сондай-ақ, Қостанай мемлекеттік университетінде Орынбор Мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Т.И.Тугайдың «оренбургский путь Ахмета Байтурсынова» кітабының тұсаукесері өтті.

Қостанай облысының киелі жерлерінің бірі, қазақ даласына білімнің қоңырауын қаққан тұңғыш мұғалым, ағартушы Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне зиярат етіп, облыстық көркемсурет галериясында «Қазақтың қолөнері мен ұлттық киімі» көрмесін тамашалады.

Ресейден келген қонақтар Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы өкілдерімен кездесіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Конпереция соңыда қонақтарға арнайы дастарқан жайылып, сый-құрмет көрсетілді.

Пікір қалдыру