Бейбіт Шүменов ДҚҚ мүшелігіне өтті

27 маусым күні Астанада қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов жайлы «Бейбіт Шүменов. Қайсар мінез» атты деректі фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

Фильмде қазақтың тұңғыш кәсіпқой бокстан екі салмақта әлем чемпионы Бейбіт Шуменовтың өмірі, бокстағы жолы,  қандай да қиындықтарға қарамастан алға қойған мақсаттарға жетуі жайлы баяндалған.

Осы көрсетілім барысында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы даңқты боксшыға қауымдастықтың мүшелік билетін тапсырды.

Жерлесімізге арнайы мүшелік билетті тапсырған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының орынбасары  Жандос Лесбеков спортшыға алдағы жекпе-жектерде жеңіске жете беруін тіледі.

Өз кезегінде Бейбіт Шүменов те Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына мүше болғаны үшін ризашылығын білдірді.

ДҚҚ баспасөз қызметі.

Добавить комментарий