ДҚҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Меруеш Башайқызы

Меруеш Башайқызы – Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі.

Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі «Арай» ансамблінің әншісі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.

Меруеш Башай 1990 жылдан бастап өнер саласында еңбек етіп келеді.

Жұмыс атқара жүріп 1990-1993 жылдары Педагогикалық колледжді, 2001-2005 жылдары Монғолияның Ұлан-Батор қаласындағы Мәдениет-Өнер университетін театрдың қоюшы режиссері мамандығымен оқып бітірді.

Монғолия және Қазақстан Республикасында өткен көптеген халықаралық және республикалық әншілер байқауларының лауреаты. Атап айтқанда:

1996 жыл – Монғолия республикасының жастар фестивалінің «Алтын медаль» жүлдегері

2004 жыл – «Монғолияның ХХ ғасыр таңдаулы әншісі» атағы.

2004 жыл – Дорджцерен атындағы конкурстың лауреаты, 2004 жыл – Монғолияның Мәдениет қайраткері.

2006 жыл – Монғол халық әндері байқауының лауреаты.

2005 жыл – Дуэт әншілер бәсекесінің лауреаты.

2007 жыл – Тараз қаласында өткен Н.Тілендиев атындағы халықаралық әншілер байқауының бас жүлдегері.

2008 жыл – Оңтүстік Қазақстанда өткен Халықаралық  фестивалінің лауреаты.

2009 жылы жоғары шеберлігі үшін М.Башай Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталды.

2011 жылы Қасым Аманжоловтың 100 жылдық тойына орай өткізілген Қасым әндері байқауының лауреаты.

2012  жылы – Облыс әкімінің «Халық әндерінің үздік орындаушысы» номинациясы  бойынша облыс әкімінің сыйлығы иегері аталды.

2013 жылы – Қарағанды облысында мүгедек жандарға арнап өзінің қайырымдылық концертін өткізді.

Сонымен қатар талантты әнші шет елдің сахналарында да өнер көрсетті. Мәселен, Жапония, Корея, Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Франция, Швеция,Моңғолия және Қазақстанның көптеген облыстарында өз өнерін жұртшылыққа тамашалатып жүр. Меруеш Башайқызы Елбасының жолдауын елді мекендерде насихаттау жұмысына белсене қатысты және жеке концерттерің  Алматыда, Қарағанды, Талдықорған, Петропавловск, Павлодар, Орал, Атырау облыстарында өткізуде.

Меруеш Башайқызы Моңғолияда еңбек атқарып жүрген кезінде Елбасы Н.Назарбаевтың  ресми сапарлары барысында 1993 және 2008 жылдары ән айту сәті түскен еді. Содан Елбасының қолдауымен 2008 жылы Қазақстан республикасы, Қарағанды облысына көшіп келді. Осы жылдан бастап Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестікке жұмысқа әнші болып орналасты. Қысқа мерзім ішінде Меруеш өзін жоғары шебер ретінде көрсете білді. Облысымыздың және қалалық концерттерде белсенділік танытады.

2012 жылы 4 наурызда – Кеншілер Мәдениет сарайында Монғолияның еңбек сіңірген қайраткері және Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызының «Тектіден туған ұрпаққа…» атты үн таспасының тұсау кесеріне арналған шығармашылық кеші өтті.

2013 жылы – Астана қ. концерт залында жеке концертін аброймен өткізді.

2016 жылы – Қарағандыда Кеншілер мәдениет сарайында Тұнғыш Президент күніне арнап “Атамекен жыр-әнім” атты концерті халық көпшілікке ұсынылды.

2017 жылы – Алматыдағы Құрманғазы оркестрімен жолдасы Ерлан Бақтыгерей екеуі “Ұстаздарға тағзым” тамаша концерт өткізді.

Сонымен қатар 6 бала өсіріп тәрбиелеп отырған көп балалы ана. 2018 жылы 28 ақпандағы Елбасының жарлығымен «Күміс алқа» орденімен марапатталды.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қолдауымен Елбасы еңбек жолын бастаған Теміртау, Қарағанды қалаларында «Отаным жүрегім, отбасым тірегім» атты жанұялық концертін өткізді.

2018 жылдың 26 сәуірден бастап Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қарағанды филиалының жетекшісі болып тағайындалып, қызмет атқарып келеді.

ДҚҚ баспасөз қызметі

Добавить комментарий