ДҚҚ журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы астаналық журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Төрағасының  орынбасары Жәнібек Лесбеков осы салада айрықша еңбек етіп жүрген журналистерге алғыс айтты.

Жылына бір рет келетін ҚР журналистер күні мерекесі қарсаңында Жәнібек Лесбеков қаламын қару еткен кәсіп иелеріне жетістік пен шынайы шығармашылық табыс тіледі.

“Шағын дастарқанымыздан дәм татуға уақыт тауып келгендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Зауытбек Қауысбекұлы іс-сапарда болуына байланысты, сіздерге ризашылығымызды білдіруді маған тапсырған болатын. Әрқашан шығармашылық жетістіктерге жетіп, әрқашан биіктерден көріне беріңіздер” – деді Жәнібек Лесбеков.

Сонымен қатар, журналистер де өз кезектерінде ДҚҚ басшылығына рахметтерін айтты.

“Орамал тон болмайды, жол болады” қауымдастық атынан қаламгерлерге шағын сый-сияпат жасалды.

ДҚҚ баспасөз қызметі

Пікір қалдыру