Текелідегі талғамды кездесу

Дүние жүзі қазақатары қауымдастығы Алматы қаласы және облысы филиалының өкілдері Текелі қаласында Атажұртқа қоныстанған қандастар арасында кездесу өткізді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағыттарын қандастарымыз арасында талқылауда жиынға қатысушылар ойларын ортаға салып, пікір бөлісті.

Қауымдастықтың Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Дәмір Жайнақов, Текелі қалалық бөлімшесінің басшысы Ұлан Исхан қауымдастық алдындағы міндеттері мен атқарылған істер жөнінде әңгімеледі.

Ақсақалдар алқасының басшысы Бүркітбай Файзолла ұлт рухын жаңғырту жөнінде жүргізілген жұмыстар (саятшылық, ұлттық өнер) туралы әңгімеледі. Қауымдастықтың белсенді мүшесі Мұқан Мамытқан  ойларын ортаға салды. Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы ұлттық болмыс, Отанға қызмет ету сияқты келелі мәселелер, ынтымақ пен бірлік туралы әңгімеледі. Кездесу өзара пікірталас, сұрақ – жауап ретінде өтті.

ДҚҚ баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ