Баба тойындағы бабадан қалған бедерлі байлық

Қарағанды облысы Бұxар жырау ауданы Керней ауылында Бұxар жыраудың 350 жылдық мерей тойын атап өтті.

Астана қаласының басқада шеберлерімен бірге Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шеберлері, қолөнер бұйымдарының көрмесін және шеберліктерін көрсетіп, аталмыш жиынға қатысып қайтты.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегін зерттеп, дамытып жүрген қауымдастық шебері, әрі мүшесі Алтынгүл Мәденқызы біз кестемен, шимен тоқыған қазақы кілем, кәде-сыйлар топтамасымен өз өнерін көрсетті.

Алтынгүл Мәденқызы өз сөзінде, “әр оюда айтылмай кеткен ата-баба арманымен бірге, аналарымыздың саусағының ізі жатыр” дейді.

“Ендігі кезекте біздің мақсатымыз, аманатқа қиянат жасамай, келер ұрпаққа осы өнерді қаз-қалпында жеткізу және күнделікті қолданысқа лайықтап, заман талабына сай етіп жасап шығару” – дейді шебер.

Ал біздің алғыстан басқа айтарымыз болмады. Әжелеріміз тұтынған дүниелер әр қазақтың шаңырағының сәнін кіргізіп, көркін аша түсетініне сенімдіміз.

ДҚҚ баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ