Әлем қазақ жастарының футбол туринері өтті

Үстіміздегі жылдың 28-29 шілде аралығында Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Жезбұйда» жастар орталығының ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына және әйгілі сардар, қолбасшы Қожаберген батыр Жәнібекұлының туғанына 320 жыл толуына арналып, шағын футболдан Әлем қазақ жастары арасында дәстүрлі «Alash» футбол турнері өтті.

Екі күнге созылған жүбірлі доданы ұйымдаструға «Елбасы курстастары» қоғамдық қоры белсене қатысып, вице-прзиденті Елтай Заманбек мырза арнайы құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров, кәсіпқой бокстан әлем чемпоны, «Бейжиің» олимпиядасының жүлдегері Қанат Сіламұлы қатарлы ел мақтаныштары арнайы келіп құттықтап, ойынды тамашалады.

Бесінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан туринердің ұйымдастырушысы әрі жоба жетекшісі Талапбек Тынысбекұлының айтуынша жастарды отансүйгіштікке, береке-бірлікке шақырып, салауатты өмір салтын насиқаттау мақсатында өткізіліп келе жатқан «Alash» кубогінің жүлде қоры екі миллион теңгені құрады.

Аталған шараға отыз жасқа дейінгілер және үлкендер болып Ресей, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Иран қатарлы елдерден келген қандастарымыздан құралған 24 команда қатысты. Алыс-жақын шетелдермен обылыстардан келген командалардың туринер уақытындағы барлық шығындары ұйымдаструшылар тарапынан төленді.

Дәстүрлі футбол турнеріне қатысқан отызға дейінгі жастар арасында ерекше ойын көрсетіп, топ жарған Ресейдің Орынбор облысынан келген «Бәйтерк» командасы «Alash» кубогін әрі жарты милион теңге сый ақыға ие болды. Екінші орын Алматылық «Бірлік-Керуен» командасның еншісінде қалды. Үшінші орынды Қытайдан келген бауырларымыздан құралған «Нысана» командасы қанағат тұтты. «Көкжал-2» командасы арнайы жүлдемен марапатталды.

Отыз жастан жоғарғылар арасында Өзбекстаннан келген «Құлагер» командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Алматылық «351-Trans» командасы жеңіп алды. «Құтмекен» командасы үшінші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ, үздік қақпашы Қиясов Төлепберген, үздік ойыншы Құлбарақ Арал, сұрмерген Қабдығали Дархан қатарлы ойыншыларға арнайы диполм, бағалы сыйлықтар табысталды.

Ойынға қатысқан «Қожаберген ата», «Алатау», «Астана-Мұзтау», «Ағайын», «Береке», «Дос», «Құтмекен», «84.KZ», «Тату-Trans», «Сауыр», «Тұран», «Көкжал-2», «17-аймақ», «Көкқамыр», «Тарбағатай», «Жезбұйда» қатарлы командаларға арнайы алғыс хат табыс етілді.

Жыл сайын жастар асыға күтетін дәстүрлі  «Alash» футбол турнері алдағы жылдарда өз жалғасын табады.

ДҚҚ баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ