Қырғызстандағы қазақ диаспорасының басшысы ауысты

Жогорку Кеңештегі “Өнүгүү-Прогресс” фракциясының депутаты Гүлшат Асылбаева енді Қырғызстандағы Қазақ диаспорасының төрайымы қызметін атқарады.

Бұл туралы парламенттің ақпарат қызметі хабарлады.

Хабарламада жазылғандай, Қырғызстан қазақтары қауымдастығы оны төрағалыққа 19 тамыз күнгі кезектен тыс съезде сайлаған.
Қырғызстандағы қазақ диаспорасы Қырғыз халық ассамблеясының қарамағында жұмыс істеп келеді. Бұған дейін диаспораны танымал саясаткер Еркін Бөлекбаев басқарған болатын.
Әзірге диаспора жетекшісінің не себепті ауысқаны белгісіз.

Дерек көзі: Baq.kz

Пікір қалдыру