Шетелдегі қазақ ақындарының жыр жинақтары шықты

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жанындағы «Атажұрт» баспа орталығынан Шетелдегі қазақ ақындарының жыр жинақтары шықты.

Бұл кітаптар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарлату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді.

Аталған кітаптар Өзбекстандағы қандасымыз, ақын Боран Қыдыров пен ҚХР тұратын ақын Ықылас Оразбайұлына тиселі.

Ақын Боран Қыдыровтың бұл жинағына әр жылдарда жазған әралуан тақырыптағы өлеңдері мен ғазелдері, қос тағандары, төрт тағандары және аңыз тақырыбына жазған поэмаларының көбінің баспа бетінде жарық көргендері топтастырылса, Ықылас Оразбайұлы осы жыйнақпен жыр әлеміне қанат қаққалы отырған жас ақын. Оның өлеңдерінен туған жерге, өскен елге деген сағыныш лебі еседі. Қазақы болымыстың нәрін бойына сіңрген ақынның жырларының тілі шұрайлы, ойы көркем. Біз ақынның болашағынан оқырманға ой тастайтын орамды, жүрекке жылы, сезімі сырлы шығармалар күтеміз.

Кітап көпшілік оқырманға арналады.

Кітаптарды баспаға дайындаған, «Атажұрт» баспасының бас редакторы Талапбек Тынысбекұлы

Қауымдастық баспасөз орталығы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ