“Балдәурен” бар қазақтың баласының басын қосады

Республикалық оқу-сауықтыру орталығы Балдәурен балалар демалыс орнына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен жыл сайын шетелдегі қазақ диаспораларының 150 баласы Білім миністірлігі бөлген квотамен демалады.

Қазақтар көп шоғырланған шет мемлекетерге адам санына орай осы квотаны тең бөліп, балалардың тізімін күн бұрыннан даярлап, бір ай бұрын Балдәуренге жіберіледіз. Бұл аталмыш демалыс орнына келетін балалар, біріншіден – жақсы оқитын және өнерлі балалар болуы керек. Екіншіден – биылғы келген бала келер жылы келуге болмайды.

Биылғы жылы Балдәуреннің жарнамасы жылдың басынан түрлі саиттармен, газет-жұрналдар, ақпарат құралдарында жарияланды. Сұраныс өте көп. Әсіресе Рессей мен Өзбекстан және Монголия қазақтарынан.

Сонымен, биыл Балдәуренге Ресейден – Орынбордан 10, Самарадан 10, Москвадан 10, Омскіден 10, Тюменнен 5, Астрахан 5, Петорбордан 5, Таулы Алтайдан 5, жалпы саны 60 бала келсе, Қырғызстаннан 10, Қытайдан 20, Монголиядан 30, Өзбекстаннан 30 бала келіп демалып кетті.

Шетелде тұрып жатса да елге деген қандастарымыздың көңілін осыдан ақ байқауға болады. Ел десе елеңдеп, қандай да бір жақсы хабарға құлақтарын түріп отырады. Қазақстан деген қазақтың ата қоныс, Тәуелсіз елі барын өз көздерімен көрсін, түбінде балаларымыз елінің бар екенін біліп өссін дегенде ой бар шығар. Ортақ мақсат, ортақ ой, өз нәтижесін берер деп ойлаймыз, алты мемлекеттен келген 150 бала шілденің 27-не келіп, тамыздың 10-на елдеріне қайтты.

30 шілде күні 10-шы ауысымның ашылу салтанаты болып, Балдәурен оқу сауықтыру орталығына Қауымдастықтан Төрағаның орынбасары және Қытай елшілігінен елшінің кеңесшісі, Өзбекстан елшілігінен жақында сайланған Елші Ниязходжаев Сайидикрам Пархатович мырзалар қатысты.

Биылғы жылы Қытай халық республикасынан 20 бала демалса, Өзбекстаннан 30 бала келді. Елшілер өз мемлекетінің балаларының қалай орналасқанын өз көздерімен көріп, демалыс орнының аймағын, жалпы Балдәуреннің құрылымын, ең соңғы оқу техникаларымен жабдықталған оқу кабинеттерін, шығармашылықпен айналысатын, сурет салу, қолөнер бұйымдарын жасап үйренетін залдарды аралады.

Алты қанат ақорда, сән-салтанаты келіскен көшпенділердің өткені мен бүгінін жалғастырушы алтын көпір, еңсесі биік кигіз үйдің тұрмыстық дүниелерін қаз-қалпында жабдықтап, қысы-жазы балаларға таныстыратынын көрдік.

Балдәурен оқу-сауықтыру орталығының бас директоры Төлепбай Мұхитдин Бекболатұлына және ұйымдастырушы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұжымына Елшілер алғыстарын айтып, келер жылы бірлесіп ұйымдастыруға ықыластарын білдіріп тарқасты.

Балдәурен оқу-сауықтыру орталығы ұжымының өз істерінің маманы екенін, білікті басшының ұйымдастыруымен жұмыс жүйеге қойылғанын, тазалық пен тәртіпті, бала мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынасты көріп марқайдық. Мақтанышпен айтып, марқайып көрсететін, БУРАБАЙ аймағында орналасқан бұл мекеме Қазақ елінің бетке ұстар бірден-бір балалар демалыс аймағы. Бір барған бала тағы келгісі келетін, қимай қоштасып, өмір бойы айта жүретін, мәңгі есінде қалатын демалыс. Бүгінгі бала ертеңгі қазақ азаматы екенін ескерсек, квота санын көбейту керек деп ойлаймыз. Бұл әрине ойланарлық нәрсе, осы бағытта Сыртқы істер миністрлігімен, Білім миністірлігімен  және елшіліктермен бірлескен дөңгелек үстел өткізіп, келелі кеңес құрмақшымыз. Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші, ұрпақ қамы, ел болашағы екенін ескеріп, Балдәурен орталығымен бірге үлкен жобалар жасамақшымыз.

Ұлы дала ұрпақтары мекен еткен қазақтың дархан даласына, кең байтақ елімізге, тағдырдың тәлкегімен тарыдай шашыраған шетте жүрген қазақтар көз тігіп отыр. Елге келіп демалып кеткен жүз елу бала мақтанышпен, Қазақстан туралы айтары сөзсіз. Ендігі кезекте квота саны көбейіп жатса, шетелден келетін балаларды тек бір маусым емес, бірнеше ауысымға бөліп орналастырса, біздің балалардың да шетел балаларынан үйренері бар, технология дамыған заманда достасып, байланыс жасап отыруларына мүмкіндік мол.

Қазіргі жаhандану заманында ұрпақ тұтастығын сақтап, сыртта жүріп жат боп кетпеу қамын ойлаған әр ата-ана баласын бір мәрте болса да Қазақстанға жібергісі келеді. Осы орайда Балдәурен оқу-сауықтыру орталығына мүмкіндік тудырып отырған Елбасымызға шексіз алғысымызды білдіреміз.

ДҚҚ Баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ