ДҚҚ-ның Қарағанды облысындағы филиалы өз жұмысын бастады

Қарағанды облысында Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығының филиалы өз жұмысын заңды түрде жүргізіп бастады.

Әуелгі жұмыс Қарағанды облысының Абай ауданының ауылдарынан басталды. Абай ауданында барлығы 887 отбасы шет елден көшіп келген қандастар, яғни 3628 жан бар . 353 отбасы квотаға қамтылған, яғни 1618 адам мемлекеттен көмек алды. Қазір 56 отбасы оралман мәртебесін алып отыр, яғни 191 адам. Бұл статистикалық есеп Абай ауданының Еңбекпен камту, әлеуметтік бағдарламалар орталығынан алынды.

Ал мемлекеттік бағдарлама бойынша оқыту курстарына, өкінішке қарай, қандас бауырларымыз қамтылмаған. Себебі қайта оқыту курстары орыс тілінде өткізіледі. Ал, біз барған Құлаайғыр ауылының әкімі Кенжебаев Нұрлан Сағынайұлының айтуынша ауылда 1740 адам бар. Соның 35 отбасы, Моңғолиядан, 23 от басы Қытайдан келген ағайындар. З15 адам кандас бауырлар. 12 адам зейнеткер, 124 студент, 50 бала мектепте оқиды. Мектеп орысша-қазақша аралас. Соның 80% казақ балалар.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының негізгі атқаратын жұмысы шет елден тарихи Отанына көшіп келген қандас бауырлардың азаматтық алуына құқықтық көмек көрсету, жәрдем беру . Осы мақсатпен Абай ауданының Құлаайғыр ауылына Қытай Халық Республикасы мен Моңғолиядан көшіп келген 23 отбасының адамдарымен кездесіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты құқықтық кеңестер өткізілді.

Ашық әңгіме барысында қандас бауырларға көші-қон полициясында кейбір қызметкерлерінің орынсыз талап ететін құжаттарының салдарынан зардап шеккендерін бүкпей ортаға салды. Біз бұл сұрақты жауапсыз қалдырмай, ары қарай келген ағайынның азаматтығын алуға кедергі келтіретін жауапты адамдармен кедергіні жоюға жұмыс жасаймыз.

Жалпы келген ағайындар Елбасы Н. Назарбаевқа алғыстары шексіз екенін айтып,ақжарма тілектерін жеткізді. Және Дүниежүзі Қазақтары кауымдастығына мүшелікке өтті.

Кездесу соңында қонақ кәде жасаған Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығының Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Меруеш башайқызы әнмен шашу шашты.

Алдағы уақытты осындай кездесу ашық әңгімелер, әр ауылда, аудандарда, басқа да қалаларда жалғаса береді.

ДҚҚ Қарағанды облыстық филиалы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ