«Ән сүйер қазақ даласы» атты ән кеші өтеді

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев еліміз егемендік ала салысымен-ақ шеттегі қандастарымызды Атамекенге оралуға шақырған болатын. Осыған байланысты қазіргі таңда миллионға жуық қандасымыз Отанымызға ат басын бұрды.

Отанымызға оралған қандастарымыз Елбасымыздың осы жылғы игі бастамаларының бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасына өз үлесін қосып, осы  бастамаға ат салысуды парызымыз деп санайды.

Осы орайда Қытай, Монғолия және Қазақстан елдеріне кіндік қаны тамған өнерпаздар бірігіп «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 2018 жылғы 5 қазанда кешкі сағат 19:00-де «Ән сүйер қазақ даласы» атты концерттік кеш өткізбек.

Кештің мақсаты: Еларалық достықты, мәдени байланысты нығайту, ұлттық өнерімізді, талантты өнерпаздарымызды насихаттау.

Кешті ұйымдастырушы: Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының филиалы жанынан құрылған «Асыл Отан» мәдениет және бизнес орталығы.

Кеште Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, Мақсат Базарбай, Өктем Алтаев, Елеусіз Сүлейбек, Қажымұрат Шешенқұл, Тұрсынбек Кешубай, Бибігүл Қилымхан, Апош Сарбаз, Нұрлан мен Шаба, Айнұр Қажимолла, Сәния Ерзат және тағы басқалары өз өнерлерін көрсетеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, кешке Спорт пен мәдениетке еңбегі сіңген танымал тұлғалар қатысады.

ДҚҚ Баспасөз қызметі

Пікір қалдыру