Талдықорған қаласында кездесу өтті

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы қаласы және Алматы облысы филиалының басшысы Мақұлбекова Айбөпе Мақұлбекқызы  Талдықорған қаласына барып,  Алматы облысы аудандарының бөлімше басшыларын сайлап, арнайы жиналыс өткізді.

А.М. Мақұлбекова жаңадан сайланған басшыларын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бүгінгі күні атқарып жатқан жұмыстарымен және жалпы тыныс-тіршілігімен таныстырып, арнайы тапсырмалар берді. Алдағы қойып отырған мақсаттарын талқылады. Бөлімше басшыларының ой-пікірлерін тыңдап, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

ДҚҚ Баспасөз орталығы

Пікір қалдыру