ДҚҚ Бурабайдың 90 жылдығына тарту жасайды

Ақмола облысы Бурабай ауданының 90  жылдық мерейтойына Дүниежүзі қазақтарының  қауымдастығы да өз үлесін қоспақшы.

Өнерпаздарымыз бен қазақтың ұлтық-қолөнер бұйымдарын және бізкесте, шимен түкті кілем тоқудың жасалу барысын көрсетпекшіміз.

Шетелден көшіп келіп, ұмыт бола бастаған, ата-баба тұтынған інжу-маржан дүниелерімізді қазақ еліне қайта ұсынған, қолөнер шеберлеріміз шаршамай-талмай ұлттық дәстүрімізді дәріптеп келеді.

“Оюлы түскиіз, кигізден жасалған сырмақ, ағаш астау, тері торсық, қымыз кесе, үлкен сұрансықа ие. Әр қазақтың төрінің сәнін кіргізетін, адам денсаулығына пайдалы, табиғи таза өнімнің құны әрине жоғары. Соған қарамастан тұтынушылар күннен күнге көбеюде. Осы кәсіптен нәпәқа тауып, ұлттық қолөнерді дамытып отырмын. Келешекте үлкен цеx ашып, бағаларын жалпы тұтынушыларға қол-жетімді жасау бағытында жұмыс жасап жатырмын” – дейді жас кәсіпкер Қайнар Кемелбекұлы.

31 қыркүйек күні өтетін дүбірлі тойға ДҚҚ-да сәттілік тілеп, той шырайын кіргізер қолөнер шеберлерін ұйымдастырмақшы.

ДҚҚ Баспасөз орталығы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ