Дәстүрді дәріптеп жүрген кәсіпкер

ҚХР дан келген жас кәсіпкер, El-Qut (Ел Құт) Ұлттық компаниясы Директор Қайнар Кемелбекұлы.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының мүшесі , ұлттық қолөнер шеберлер мектебін ашқан, қазақтың құндылықтарын жаңартып дәріптеп жүрген бірден бір азамат.

Қайнар Кемелбекұлы  Қорғалжын ауданының 90 жылдығы, Нұра ауданының 90 жылдығы, Ақтоғай ауданының 90 жылдығы,  Мұса Шорманұлының 200 жылдығы және Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы қатарлы мерейлі мерекелерге Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының қолдауымен қатысты.

Жас кәсіпкер тойларға жай ғана қатысып қоя салмай, барлық жерде өз қолынан шыққан бұйымдарды көрмеге қойып, сатып, ұлтымыздың ежелгі шеберлік мектебін дәріптеп келеді.

Қайнар Кемелбекұлының қолынан шыққан түрлі бұйымдар – қамшы, белдік, домбыра т.б. қатарлы әшекей бұйымдар көпшіліктің сұранысына ие.

ДҚҚ Баспасөз орталығы

1 комментарий

  • Ал, “қолдау,кз кіруге ниет еттік делік: бұл іспен ауыл әкімшілігінде кімге барамыз, аудандық жер-кадастр басқармасында кімге барып жолығамыз? Гектарбасына 1200 теңгені кімге төлейміз? АО “ИУЦ-дің маманы Азамат Курмановтың мақаласында/түсініктемесінде/ бұл жағы көрсетілмеген. Сонан соң мемлекеттік тіл қазақ тілі екені неге ескерілмеген? Бұл коментарийиесі агро-журналист, қажет болса көмекке шақыруыңызға болады. Тел.:+77071850917 және 87781850917. Шымкент қаласының және Мақтаарал ауданының тұрғыны, “Орталық Азия ЖШС директоры.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ