Зауытбек Тұрысбеков Ресейдегі «Атамекен» қазақ мәдени орталығының президентімен кездесті

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Ресейден келген қонақ, Санк-Петербург және Ленинград облысы «Атамекен» қазақ мәдениет орталығының президенті Құспанов Сәрсенғали Аққұлұлын қабылдады.

Кездесуде Қауымдастық басшысы бүгінгі таңда атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырып, алдағы жоба-жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде Сәрсенғали мырза «Атамекен» қазақ мәдени орталығының тыныс, тіршілігін баяндай келе, ондағы қазақ диоспара өкілдерінің жәй-күйімен таныстырды.

ДҚҚ Баспасөз орталығы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ