Бұрынғы БҒМ вице-министрі ДҚҚ мүшесі болды

Елбасы төрағалық ететін Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығының Қарағанды облысында филиалы ашылып, өз жұмысын бастап жатыр. Дүние жүзіндегі қандас бауырларға жанашыр бұл ұйымды Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы төрағаның бірінші орынбасары басқарады.

2017 жылы өткен Дүние жүзі Қазақтарының V Құрылтайында Елбасының тапсырмасымен 18.05.2018 жылы нөмері 280 үкімет қаулысымен жуықта “Отандастар” қоры құрылды.

Казір ұйымның жұмысын қолдап мүшелікке қамтылып жатқан ағайындарға алғысымыз шексіз.

Жат жердегі ағайындарды білім мәдениет, басқа да салада қолдауға облысымыздағы Нұр Отан Партиясымен бірге облыстық білім басқармасы, көптеген ұжым басшылары Елбасының саясатын қолдап, әр жақты қолдау көрсете бастағаны бізді қуантып отыр.

Төрағаның бірінші орынбасары Тұрысбеков мырзаның қолы қойылған мүшелік билетті Қарағанды облысы білім департаментінің басшысы, Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы вице-министрі  Есенғазы Нұртөлеуұлына табыстадық.

ДҚҚ Қарағанды облысы филиалының баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ