Ташкентте Төле бидің 355 жылдығы өтті

Ташкентте қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі Төле бидің 355-жылдығы аталып өтті.

Шараға Қазақстан мен Өзбекстанның интеллегенция өкілдері, жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері мен Түркістан облысынан келген арнайы делегация қатысты. Жиналғандар Төле биді еске алып, құрмет көрсетті.

Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында “Төле би құрметі үшін” конференциясы өтті. Шара барысында бауырлас елдерден келген ғалымдар мен жазушылар бидің қоғамдық қызметі жайлы баяндама жасады.

Атап өтсек, қазақтың үш биінің екеуі Өзбекстанда жерленген. Төле би Ташкенттің Қарлығаш би мазарында, ал Əйтеке би Навои облысында жерленген.

Baq.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ