ДҚҚ Қарағанды облысының филиалы ұстаздар күнімен құттықтады

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға…
“Осы ұлағатты ұстаздар қауымын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының облыстық филиалы атынан құттықтадық” – дейді филиал директоры Меруеш Башайқызы.

Бері айтсақ аймағымызға, ары айтсақ елімізге танымал оқытушылармен осы салада ауыл мұғалімінен еңбек жолын бастап, білім және ғылым вице министрі болып, білім саласын облысымызда көп жыл басқарып келе жатқан Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы, Облыстық Гумманитарлық колледждің директоры, ҚР Еңбек сіңірген кайраткері, танымалы композитор Әміров Есжан Сарманқұлұлын, Әлихан Бөкейхан атындағы мектептің оқытушысы, танымал ақын Айнұр Тұрғанбекқызы, Бұқар жырау ауданының Тоғызқұдық ауылының оқытушысы жас ақын, “Атажұртқа тағзым” кітабының авторы Сұлтан Дәулетханұлы, Ростовка ауылының оқытушысы, ақын Гүлжан Сұраубайқызы, Қарағанды облыстық білім басқармасының орынбасары Гулмира Қабдырахманқызы , Қарағанды Мемлекеттік Университетінің Педагогика бөлімінің оқытушысы ғылым кандидаты Бейсенбекова Гульмира Бекінқызы қатарлы мұғалімдерді марапаттадық. Сонымен қатар оларға Елбасы Н.Назарбаев төреағалық ететін ДҚҚ төрағаның бірінші орынбасары Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлының қолы қойылған мүшелік билетті табыстадық.

ДҚҚ Қарағды облыстық филиалының баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ