Қош бол, Шераға!

Қазақ руханияты тағы бір оғланынан айрылды. Жазушы-журналист Шерхан Мұртаза дүниеден өтті. 

Қазақ еліне, бүкіл жұртшылыққа Шерxан Мұртаза ағамыздың қазасына қабырғам қайысып көңіл айтамын. Өз xалқымызбен бірге шетелдегі ағайындарда қазаға көңіл айтып, xабарласып жатыр. Мемлекетіміздің ұлттық бейнесінің асқар тұлғасы, қазақ руxаниятының әулиесіндей болған Шерxан ағаның өмірден озуы – орны толмас өкініш, өте ауыр қаза.

Қызмет бабында ұзақ жылдар ағамызбен таныс болып, жақын араластым. “Алдыңда ағаң болған қандай жақсы” демекші, ағалардың өмірден озуы қандай өкініш.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы атынан және өзімнің атымнан, Шерxан ағаның отбасына, алды өзіне пейіш болсын, жаны жаннатта болсын деп көңіл айтамын.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағаның бірінші орынбасары З. Тұрысбеков.

Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жазушының шын есімі – Шері. Қазақтың айбарлы, қайратты жыртқыш аңы – барысқа байланысты қойылған.

Алғашқы кітабі 26 жасында «Құрылысшы Дәку» деген атпен жарық көрді. Оның еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған. Қаламгер Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған.

Шерхан Мұртаза әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туындыларын қазақ тіліне тәржімалады. Қырғыз жазушысының «Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» атты повесть, романдарын орысшадан аударды.

Шерхан Мұртаза – әлем әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларын да қазақша сөйлетті. Ганс Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін қазақ тіліне тәржімалады.

«Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ