Астанада «Ұлы Дала батырлары» атты халықаралық конференция өтеді

2018 жылдың 19 қазан күні ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінде ХVІІІ ғасырда өмір сүрген даңқты батыр, дала дипломаты, қазақ сардарларының ту ұстаушыларының бірі Қожаберген батыр Жәнібекұлының туғанына 320 жыл толуына орай «Ұлы Дала батырлары» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция аясында «Қожаберген батыр ізі» атты көрме ашылады.

“Іс-шараның мақсаты  Ұлы дала белдеуін сан ғасырлар бойы сыртқы жаудан қорғаған, қасық қаны қалғанша күресіп, қазақ жерін кеңейтуге өз үлесін қосқан қазақ батырларының есімін ұлықтау, ұлт тағдырын шешкен ұлы шайқастардағы ерліктерін еліміздің жастарына дәріптеу, қазақ тарихының қастерлі мұрасы – батырлар жәдігерлерін музей қорына жинау” – дейді ұйымдастырушылар.

Шараға Қожаберген Жәнібекұлының ұрпақтары, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д, профессор З.Е. Қабылдинов, Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Б.Ғ. Аяған, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филол.ғ.д., академик, алаштанушы Д. Қамзабекұлы, т.ғ.д., профессор Қ. Салғараұлы, түрктанушы, филол.ғ.д., профессор Қ. Сартқожаұлы; т.ғ.д., профессор З.С. Самашев; т.ғ.д., профессор
Ж.О. Артықбаев, т.ғ.к., суретші, қару-жарақ зерттеуші-этнограф Қ.С. Ахметжанов; т.ғ.д., профессор А.М. Досымбаева және басқа да белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысады.

ДҚҚ Баспасөз орталығы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ