ДҚҚ Төрағасының экс-орынбасары Талғат Мамашевтың 70 жасымен құттықтау

Құрметті Талғат Асылұлы!

   Сізді жетпіс жылдық мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз бүкіл саналы ғұмырыңызда Қазақстан  Республикасының өсіп-өркендеуі, Тәуелсіздігіміздің нығаюы және еліміздің шын мәніндегі ұлттық мемлекет ретінде салтанат құруы жолында аянбай еңбек еттіңіз.  Еткен еңбек, төккен теріңізді Елбасы және ел-жұртыңыз ерекше бағалап,  «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері атандыңыз. Сіз ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы ең ауыр өтпелі кезеңде мәдениет министрлігіне жетекшілік етіп, Абай, Жамбыл қатарлы халқымыздың ұлы перзенттерінің мерей тойларын асқан жауапкершілік, ерекше ыждағатпен жоғары деңгейде ұйымдастыра білдіңіз. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын ұзақ жылдар басқарып, алыстағы ағайынмен байланыс орнатқан СІЗДІҢ ЕҢБЕГІҢІЗ ҰШАН-ТЕҢІЗ. Жұмыр жердегі қазақ бар жердің бәрінде сіздің басқан іздеріңіз сайрап жатыр. Бүгінде ардақты әке, асыл азамат, қоғам қайраткері ретінде қоғамдық өмірге белсене араласып, тәжірибеңізді жастармен бөлісіп келесіз.

Жаhандану жағдайында, өзге елдерде өмір сүріп жатқан  этникалық қазақтардың басқа халыққа сіңіп кетуін болдырмау үшін, өсіп келе жатқан ұрпаққа ұлттық тәрбие беру, салт-дәстүрмен мен әдет-ғұрыптар, мәдениетке баулу және ана тілінде сөйлеп, оны еркін қолдана білу мақсатында қазақтардың Атажұртына оралуына, олардың қазақстандық қоғамға тез бейімделіп, үйреніп кетуіне және бас біріктіруіне жан-жақты жағдай жасау үшін жан аямай еңбек еттіңіз.

Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Алланың берген жасын жасай беріңіз!

Ізгі ниетпен,

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Төрағасының бірінші орынбасары З. Тұрысбеков.

Талғат Асылұлының 70  жасқа толу мерейтойы Алматы қаласында кең көлемде аталып өтті.

ДҚҚ Баспасөз орталығы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ