Аудандық бөлім басшыларының жиыны өтті

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы қаласы мен Алматы облыстық филиалы Талдықорған қаласында облыс аудандарынағы Қауымдастық бөлім басшылары мен өкілдері қатысқан кезекті жиын өткізді.

«Достық үйінде» өткен кездесуді Алматы қаласы және Алматы облысы филиалының директоры Айбөпе Мақұлбекова ханым ашып, аудандық бөлім басшыларына қызметтік куәлік табыс етті.

Жиында қауымдастық бөлімшелерінің алдағы жұмыс жоспары, атқарылатын іс-шаралар талқыланды. Кездесуге қатысушылар келелі мәселелерді ортаға салып, пікір алмасты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ