Тарихшылар ДҚҚ-ға мүше болды

Білімнің қара шаңырағы Е.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеттің Тарих факультетінің 80 жылдық мерей тойы халықаралық деңгейде дүркіреп өтті.

Түрлі тақырыптарда өткен конференциялар мен студенттер арасында мәдени шаралар, концерт жоғары деңгейде өтті.

Осы орайда Тарих факультетінің арнайы шақыртуымен Қарағанды облыстық ДҚҚ арнайы қатысып, ұжымға құттықтау хат тапсырдым.

Сонымен бірге, бірнеше оқытушыларды ДҚҚ мүшелікке қабылдап, төрағаның бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлының қолы қойылған мүшелік билетті жиында Тарих факултетінің аға оқытушысы, зерттеуші, тарихшы тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Жауымбай Сағындық Убайұлына, Тарих гылымдарының доценті, Білім саласының еңбек сіңірген қайраткері, Тұлға тану орталығының директоры, профессор Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызына және Тарих факультетінің деканы Сыздықова Гүлнара Мұратбекқызына табыстадық.

Соңында ДҚҚ атынан әнмен шашу шаштық.

ДҚҚ Қарағанды облыстық филиалы баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ