Нұр Отан партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ДҚҚ-ға мүше болды

Оспанова Қадиша Базарбайқызы 1959 жылы Омбы қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Омбы мемлекеттік медициналық институтында, 1981 жылы Қарағанды медициналық университетінің субординатурасына ауысып, осы университетте еңбек жолын бастады.

1991 жылы медицина саласы бойынша кандидаттық диссертациясын доцент ғылыми дәрежесімен қорғаған.

2003 жылы медицина профессоры ғылыми атағын қорғап, өзі білім алған университеттің проректоры болды.

2012 жылдан бастап Қарағанды облыстық Нұр Отан партиясының төрағаның бірінші орынбасары болып еңбек атқарып келеді.

Саясатпен бірге от басында аяулы жар, ардақты ана. Сонымен қатар облыстық және қалалық мәслихаттың бірнеше рет депутаты. Бүгінде Республикада Қарағанды облысы бойынша топ жарған үздік депутат.

Өткен аптада Қадиша Базарбайқызы Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының мүшесі болып қабылданды.

ДҚҚ төрағаның бірінші орынбасары Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлының қолы қойылған мүшелік билетті табыстау барысында, алдаға уақытта Қарағанды облыстық ДҚҚ және облыстық Нұр Отан партиясымен бірге, партияның 20 жылдық аясында біршама жобаларды бірлесіп атқаруға келісілді.

ДҚҚ Қарағанды облысы филиалының баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ