Белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлын марапаттау рәсімі өтеді

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-эконмикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 798 жарлығымен белгілі түрколог ғалым, ф.ғ.д. профессор, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Қаржаубай Сартқожаұлы  «Құрмет» орденімен наградталды.

Осыған орай 2018 жылы 12 желтоқсан 15:00 де Еуразия ұлттық университетінің Назарбаев залында салтанатты тапсыру және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы тарапынан «Алыстағы ағайын» желісімен түсірілген «Ұлы көш» деректі киносы көрсетіледі. «Құрмет» орденін Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков тапсырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ