ДҚҚ Жұмыс тобына түскен 125 арыз-шағым негізінде құзырлы орындарға арнайы хат жолданды

Елбасы төрағалық ететін Дүниежүзі Қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» басшылыры үстіміздегі жылдың 27 қараша күні  Алматы қаласына барып, ондағы оралмандармен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады.

Кездесу барысында ҚХР-нан көшіп келген оралман ағайындар Қытайдағы қиын жағдайға байланысты қысым көріп жатқан туыстары туралы ашына айтты. Осы кездесуден кейін қауымдастық қандастардан арыз-шағым қабылдап, нақты жағдайларға көз жеткізді. Бүгінге дейін 125 арыз келіп түсті, оның  45-сі бөлініп-жарылған отбасылар болса, 6-ы түрлі себептермен азаматтық ала алмай жүргендер, 77 азамат оралман куәлігінің мерзімі бітіп, Қазақстан азаматтық ала алмай жүргендер, 1 адам Қазақстан азаматы, екі жылдан бері Қытайдан елге келе алмай жүр.

Арыз шағым Қытай, Ауғаныстан, Түркиядағы этникалық қазақтардан  түсті.

Осыған байланысты   тікелей ҚР Жоғарғы сот құзіретіне жататын Алматы облысы Қарасай ауданының сот шешімі шыққан Ауғанстаннан келген 15 адамның  арызын жібереміз.

Қандастарымыздың мұң-зарына ерекше көңіл бөліп, оң шешімін табуға ықпал етсе деген тілекпен Жоғарғы сотқа және ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне жолданды.

Осы мәселелер бойынша нақты жауапты жақын арада арызданушыларға және Қауымдастыққа жіберу сұралды.

ДҚҚ Баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ