Еуразия ұлттық университетінде кездесу өтті

2018 жылы 12 желтоқсан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған салтанатты шара болып өтті.

Шарада ҚР Құрмет қарауыл ротасының ҚР Мемлекеттік рәміздерін сахнаға алып шығу рәсімі, ҚР Президенттік оркестрі Үрмелі аспаптар ансамблінің орындауында ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Іс-шара барысында Төрағаның бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков мырза белгілі турколог ғалым, ф.ғ.д. профессор, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Қаржаубай Сартқожаұлы  «Құрмет» орденін табыстап, жиналғандарды Тәуелсіздіктің төл мерекесімен құттықтады.

Шараға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков қатысып, ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамы мен сала қызметкерлерін және студент-жастарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Содан кейін шетелде жүрген қандастардың жай-күйінен хабардар етіп, қауымдастық түсірген «Алыстағы ағайын» («Көш») фильмі көрермен назарына ұсынылды.

Алғашқы құттықтау сөз алған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов профессор-оқытушылар құрамы мен сала қызметкерлерін «Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар жыл ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған мемлекеттік наградаға ие болған ұжым мүшелеріне құрмет көрсетіліп, сахна төрінде марапат жасалды. Олардың арасында «Құрмет», «Парасат» ордендерінен бөлек, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы, «Астанаға 20 жыл» медальдары және ЕҰУ ректорының Құрмет грамоталары мен Алғыс хат иелері бар.

Жиналыста университет ректоры Ерлан Сыдықов мырза  университеттің ұжымын құттықтап, біраз азаматтарға меркелік медалдар мен алғыс хаттар табыстады.

Қауымдастық төрағасының орынбасары Зауытбек Тұрысбеков жиналғандарды қауымдастық тыныс тіршілігімен таныстырып, «Алыстағы ағайын» желісімен түсірілген «Ұлы көш» деректі киносы көрсетті.

Тағылымды шара одан әрі концерттік бағдарламамен жалғасты: «Астана» тобының әншілері Құралай Қырықбаева мен Нартай Алтай әуезді әндерімен көрермен жүрегін жауласа, әнші, «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты, ЕҰУ докторанты Ибрагим Ескендір «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әнмен көрермен есінде қалды.

Айта кетсек, Қаржаубай Сартқожа Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-эконмикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың  2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 798 жарлығымен «құрмет» орденімен наградталған болатын.

Елтаңбасының авторы Жандарбек Нәлібаев латын жазуында жаңадан дайындалған Мемлекет гербын университет ректорына табыстады.

 

 

«Тәуелсіздік күні» мерекесі және наградаларыңыз құтты болсын!

Фотолар ниверситет сайтынан

ПІКІР ҚАЛДЫРУ