“Отан үшін отқа түскендер” деректі фильмі (1-2 бөлім)

Елбасымыз кезекті Жолдауында атап өткендей 2015 жыл, «ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз». Отан соғысына қатысқан және тылда қызмет көрсеткен  ардагерлеріміздің  ерен  еңбегі –  хылқымыз үшін, өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақ  үшін таусылмас шежіре, қасиетті   тағылым.

          Қа­зақтың  қасиетті  жерінен  Отанды  қорғау  үшін  аттанған  әр  жауынгер  ержүректігімен, батырлығымен ерекшеленіп, Ұлы  Жеңіске  жету  мақсатында  көрсеткен  баға  жетпес ерліктері  тарих  беттерінен  елеулі  орнын  алды.

         Сұм соғыстың  салдарынан  1, 2 миллионға жуық  қа­­зақ­стандық қаза та­уып, отбасылары қара жамылды. Қазақстандық  500 майдангер Ұлы Отан соғысының батыры атанса, соның ішінде 96 қазақ батырлары  деп танылған.  Қазақстандықтардың ішінде төртеуі екі мәрте батыр атағын алып 13 атқыш дивизия, бір атты дивизия, жеті атқыш бригада, 50 әскери бөлім майданға аттанғандығы  туралы деректер  бар. Барлық тараптағы шайқастарда біз­дің ер-азаматтар ұрыс жүргізді.  Бауыр­жан Момышұлы ағамыз соғыс кезінде жеке басы­ның қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қор­шауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерліктері  сол кездің өзінде ақ одақ көлеміне аңыздай  ел  ауызында  жүрді.

         Осындай  ерлікпен от  кешкен  батырларымыз  еліміз  үшін  мақтаныш,  жас  ұрпақ  үшін  өнеге,  батылдықтың,  Отансүйгіштіктің   биік  көрінісі.  Кешегі жауынгер, бүгінгі ардагер аға ұрпақтың ерлігі ешқа­шан ескірмейді, ұмытылмайды. Олар­дың өмір, еңбек жолдары әр қазақстандықтың жүре­гін­де мақтаныш сезімін оятып, көп­ұлтты, көпконфессиялы ынты­мақты шаңырағымыздың іргета­сын бекіте түсуге қалт­қы­сыз қызмет ете беретіні сөзсіз.

adilet.gov.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ