“Отандастар” қоры мен Павлодар облысы ынтымақтастық мемарандумын жасады

Павлодар облысы әкімшілігімен Республикалық «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КЕАҚ) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы  МӘМІЛЕ  (Меморандум) жасалды.

Бұл шараға  менеджер  Төлеу Гауhар, облыс Ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Нұрланұлы Дəуенов, жұмыспен қамтуды үйлестіру əлеуметтік бағдарлама басқармасының басшысы Нурмагамбетов Қайрат Қайыржанұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы РҚБ-нің Павлодар облысы филиалының басшысы Болат Заутұлы, сондай-ақ облыстық білім беру, тілдерді дамыту басқармасы,  кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, спорт және туризм басқармасының өкілдері,  БАҚ өкілдері, этникалық қазақ жастары қатысты.

Мәмілеге Павлодар облысының әкімшілігі атынан әкімнің орынбасары Мейрам Мұхаметрахымұлы Бегентаев және «Отандастар қоры» атынан  «Отандастар қоры»  КЕАҚ-ның басқарушы директоры Әбілдинова Әлия Сапабекқызы  қол қойып, құжат алмасты.

Мәміленің негізгі мақсаты – шетелдегі және елімізге оралған қандастарымызға мәдени, білім беру және құқықтық салаларда қолдау көрсету.

Әлбетте, тарихи себептерге байланысты шетелдерде өсіп-өніп жатқан қандастарымызға қамқорлық қолын созу, олардың өз Отаны-Атамекеніне келіп орналасуына, бейімделуіне барынша қолдау көрсету әркез мемлекеттік саясаттың назарында болып келеді.  Соның бір көрінісі алдағы уақыттарды «Отандастар қорының» игі іс-қызметтерінен көрініс береді деп сенеміз.

Қандастарға жасалатын қамқорлық  сауаптан болғай!

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы маусым айында  Елбасының тапсырмасы бойынша «Отандастар» қоры жұмысын бастаған еді.

«Қор шетелдегі және Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарды қолдау мақсатында құрылған. Қор Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков қордың Директорлар кеңесінің төрағасы, ал қор президенті саяси және қоғам қайраткері Нұртай Әбіқаев.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ, elana.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ