Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметінің жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Асқар Ұзақбайұлы Мамин – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;

Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Руслан Ерболатұлы Дәленов – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі  болып тағайындалуына қаулы етті.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                  Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы  25 ақпан

№849

Ақорда

ПІКІР ҚАЛДЫРУ