Түймебаев: Бұл – болашақ тарихымызды құрметтеу күні

Бейбітшілік пен келісім сарайындағы Алғыс айту күніне арналған мерекелік шаралар аясында “Қымыздан қуат алған біртұтас ел” атты көрме өтті.

Көрмені Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ашты. Ол көрме алаңында қойылған барлық экспозицияларды көріп, бағасын берді.

ҚХА басшысының орынбасары құттықтау сөзінде Президенттің арқасында еліміз жиырма сегіз жыл бойы өмір сүріп, өркендеп келе жатқанын атап өтті.

Осы уақыт ішінде Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде ғана емес, сонымен қатар 130-дан астам этнос бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін мемлекет ретінде бүкіл әлемде жарқын үлгі болды.

Жансейіт Түймебаев атап өткендей, осындай тамаша іс-шаралардың бастамашысы – біздің Президентіміз.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурыз күні жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға Алғыс айту күні ретінде атап өту – әділ болар еді деп атап өтті. Бұл бізді бұрынғыдан да жақындатады. Бұл күн мейірімділік пен барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген достығының жарқын мерекесі болары анық. Бүгінде республика бойынша 1569 іс-шара бір жарым миллионға жуық адамның қатысуымен өткізіліп жатыр. Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында дәстүр бойынша негізгі іс-шара өтуде», – деді ҚХА басшысының орынбасары.

Мерекенің басты мақсаты – азаматтық қағидалар негізінде қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту.

Бұл күні, Жансейіт Түймебаев атап өткендей, біз ата-бабаларымызды еске аламыз, сонымен қатар ата-аналарға, мұғалімдерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтамыз.

«Қазақстан барлығы үшін туған Отанына айналды, сондықтан Алғыс айту күні – бұл ең алдымен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне деген құрметін білдіруі. Біздің болашақ тарихымызды құрметтеу күні, өзара ынтымақтастық күні. Бүгін мұнда қазақ халқының ұлттық сусынына арналған «Қымыздан қуат алған біртұтас ел» көрме-экспозициясы ұйымдастырылып жатыр. Бұл сусын –дәмі мен иісі қазақ жерін еске түсіретін сусын», – деп атап өтті ҚХА хатшылығының меңгерушісі.

Ол іс-шара аясында «МЫҢ АЛҒЫС» қайырымдылық концерті өтетінін хабарлады.

«Алғыс айту күні – бұл ерекше мереке. Қазақстандықтар үшін алғыс – бұл тек ризашылық сезімі емес, бұл – халықтың баға жетпес құндылығы. «Жақсылық ұмытылмайды» делінген халық даналығында», – деп Жансейіт Түймебаев сөзін қорытындылай келе, қатысушыларды мерекемен құттықтап, әрбір отбасына денсаулық пен амандық тіледі.

Көрмеге ҚР Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің және БАҚ өкілдері қатысты.

assembly.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ