Танымал дәстүрлі әншінің ән кеші өтті

“Жастар жылының” аясында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен танымал дәстүрлі әнші Хадыхан Манайұлының шығармашылық кеші болып өтті.

Іс-шараны облыстық Пушкин атындағы кітапханасы бірлесіп өткізді. Шығармашылық кездесуде әсем ән шырқалып, көрермендер сауалдарын қойып, зиялы қауым өкілдері Хадыхан Манайұлының өнеріне зор баға берді.

Шара жоғарғы деңгейде өтті. Кеш соңынан әншіге қауымдастықтың облыстық филиалының атынан “Алғыс хат”, сыйлықтар тапсырылды. Көрермендер әншіге сәттілік тілеп, риза болысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ