Назарбаевқа “Халық қаһарманы” атағы берілді

Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА «Халық Қаhарманы» атағын беру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 1-бабына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, елімізді экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВҚА жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық Қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының                                                                  Қ.Тоқаев

               Президенті

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 20 наурыз

№ 1

ПІКІР ҚАЛДЫРУ