Мәскеуде наурыз мейрамы тойланды

Наурыз мейрамына орай Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі салтанатты шара ұйымдастырды. Оған республика достары – көрнекті ресейлік саясаткерлер, бизнесмендер, мәдениет, ғылым қайраткерлері, РФ жетекші БАҚ бас редакторлары, сонымен қатар Мәскеуде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылары келді.

Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА меншікті тілшісі сыртқы саяси мекеменің баспасөз қызметіне жасап хабарлайды.

Кештің ашылуында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Наурыз Шығыста жыл басын білдіретін ежелгі мейрам екенін еске салды.

«Қазақстанның жақын достары осы күні бізді құттықтап, мерекені бірге атап өтуге келгеніне қуаныштымыз», – деді ол.

inform.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ