Тәуелсіздікке тарыдай үлес

Алланың қалауымен, Елдің бірлігімен, Мемілекетіміздің бейбітшілігі арқасырда, шеттен келген қандастарымыз Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының төрінде Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекемізді дүркіретіп тойлады.

«Мерекелік шараның басты мақсаты – ұмытылып баражатқан ата-баба дәстүрін ұлықтап, ұрпақтар санасына қазақтың қасиетті руханиятының алтын дәнін егіп, Егемен елімізге жаны таза ұлытын сүйетін, құндылықтарымызды қадірлейтін, Отанына аянбай қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу. Рухани жаңғырыуға үн қосып, тәуелсіз елімізге тамшыдай болса да еңбек сіңіріу» – дейді ұйымдастыру тобы бір ауыздан.

Шараны Дүниежүзі Қазақтарының қауымдастығы мен “Отандастар Қоры” қолдаса, Республикалық қоғамдық-саяси “Төртінші Билік” газеті ақпараттық қолдау көрсетті.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құрманбек пен Риза салған «Көк тудың желбірегені» әніне жанарына жас үйірмеген жан қалмаса, Гүлзира Бөкейхан салған «Шаттанамын» әні жабырқау жұртты бір шалқытып тастады.

Қазақтың қолөнер көрмесі, ұлттық тағамдар көрмесі, келіндер биі, асық ату, қол күрес, арқан тарту, гір көтеру, балалар арасындағы айтыс, өлең оқу жарысы т.б. ұлыттық ойындар көрсетілді. Жиналған жұрт қуанышқа бөленді. Әсіресе бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады.

Бергенінен берері көп бауырларымыз еркіндіктің қадірін тағыда бір тереңнен сезініп, арқа-жарқа көже ішіп, шетте жүрген қандастарымыздың тезірек елге қосылып, айбатымыздың арта түсуіне дұға тілеп, Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз берік болсын, келесі жылғы наурызда аман-есен бас қоссақ деген ізгі тілекпен тарқасты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ