Өткен жылы Шахтинскте 89 адам Қазақстан азаматтығын алған

Дүниежүзі Қазақтарының қауымдастығының Қарағанды облысындағы бөлімшесінің  ұйымдастыруымен Шахтинск қаласы әкімдігінің қолдауымен шет мемлекеттен көшіп келген қандас бауырлармен кездесу өтті.

Кездесуге жергілікті атқарушы орган өкілдері, Шахан қаласы әкімі Г.А.Өмірбеков, жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарлама бөлімінің басшысы Р.И.Меллятова, көші-қон қызметінің инспекторы С.К.Смағулов, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік департаментінің бөлім басшысы А.С.Қарасартова, жұмыспен қамту орталығының директоры Г.А.Садыкова, Тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомабиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Е.С.Исатаев, емхана директоры М.Ш. Кажикенов, орталық аурухана кадр бөлімінің аға инспекторы А.Р.Ибрашева және М.Серикбаева, білім бөлімінің әдіскері А.Ж.Жунусова сонымен қатар ДҚҚ Қарағанды облыстық филиал басшысы Меруеш Башайқызы қатысты.

Күн тәртібінде талқыланған өзекті тақырып елге келген қазақтың азаматтық ала алмай жүрген себептері талқыланды.

“Өтініштер жазбаша алынды. Азаматтық ала алмаған қандас бауырлар мемлекеттік бағдарламалардың барлығынан шет қалып, мемлекеттен төленетін көп балалы аналарымыз азғантай жәрдемақыдан қағылып отырғанын айтып мұңдарын шақты” – дейді облыстық филиалдың басшысы Меруеш Башайқызы.

Анасы қайтыс болған, әкесі 2-топтағы мүгедек, соңынан ерген інісінің азаматтық ала алмай жүргенін жеткізген Ақеділ есімді 20 жастағы жігіт Шахтинск қаласындағы ЖШС жұмысшысы. Ол үй жалдап тұрады. Қалада салынып жатқан құрылыс жоқ. Әкесі мен бауырының азаматтық ала алмағанын айтып, көз жасына ерік берді.

“Алдағы уақытта ДҚҚ өз бақылауына алып көмек көрсетеміз. Бұл мәселені шешімін табуға ДҚҚ барлық тараптан “Отандастар” қорымен жұмыс жасаймыз. Жалпы Шахтинск қаласына 330 адам көшіп келген. Өткен жылы азаматтыққа 200 өтініш түскен. Алайда 2018 жылы 89 адам Қазақстан азаматтығын алған. Қалған адамдарға не себепті азаматтық ала алмағанын зерттейтін боламыз. 17 адам мемлекет қайта оқытып, түрлі мекемеде жұмыс жасайды. Қайта оқыту курсы орыс тілінде өтетінін жасырмады” – дейді Меруеш Башайқызы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ