Елшімен кездесті

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маджида Самадзадэ Сабердпен кездесті.

Тараптар инвестициялық және туризм салалар бойынша ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар Иран аумағында тұратын этникалық қазақтармен байланыстарды дамыту туралы мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шетелдегі қазақтарға деген қамқорлық саясаты мен ДҚҚ және “Отандастар” Қорындағы атқарылып жатқан жұмыстары жайында таныстырды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ