Шетелдегі қазақ балалары Елордада

Шетелде тұратын этникалық қазақтардың балаларына арналған жазғы Лагерь аяқталды. Шараның жабылу салтанатына Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен депутаттар және «Отандастар» Қоры мен Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдері және мемлекет қайтарткерлері қатысты.
Жобаға Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар» Қоры қаржы бөліп, еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетті. Жазғы лагерьге алыс және жақын шетелде тұратын 150 оқушы демалды. Олардың арасында Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Түркіменстан келген қазақ балалары қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ