Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы хабарлайды!

Шетелдегі қандастарымызды қолдау шаралары аясында ҚР азаматы емес ұлты қазақ тұлғалар үшін ҚР ЖОО-ының дайындық курстарында оқуға арналған тегін грант бөлініп отыр.

Шетелдегі қандастарымыз арасынан жас талапкерлерді грантқа құжат тапсыруға белсенді араласуға шақыра отырып, құжат тапсыру мерзімі ү.ж. 05 тамыз-05 қыркүйек арасы екенін баса атап өтеміз.

Құжаттарды онлайн түрде мына сайт арқылы тапсыруға болады – www.enic-kazakhstan.kz

Анықтама үшін келесі адрес, нөмірге хабарласа аласыздар: admission@n-k.kz. 8(7172) 28 75 26 (ҚР Білім және ғылым министрлігі)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ