ҚР Тұңғыш Президент –Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Туған жер-алтын бесік» тақырыбында киелі Бурабай өңірінде халықаралық балалар құрылтайы өтуде.

 

ҚР Тұңғыш Президент –Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Туған жер-алтын бесік» тақырыбында киелі Бурабай өңірінде халықаралық балалар құрылтайы өтуде. Бұл бас қосу – қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас ұлт ретінде нық қадам басқанның белгісі болды. Әлемнің 6 мемлекетінен келген 288 қандас бауырлар атамекенге саяхаттап, қуаныштарымен бөлісті.

Тағдыр тәлкегімен әлемнің әр түкпірінде тұрып жатқан қандастарымыздың отанына оралуына ұйытқы болып, мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөліп отырған елдердің бірі – Қазақ елі. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі Тұңғыш Президент -Елбасы тарыдай шашылған қазақтың бір шаңырақтың астына жиналуына айрықша ден қойып келеді. Осы мақсатта Бурабай өңіріне Ресей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Германия елдерінен барлығы 288 бала ата-баба қаны тамған жерге аяқ басып, туған елінің тарихымен қоса, мәдениетін тануға қол жеткізді.

https://kokshetautv.kz/kz/news/society/halykaralyk-balalar-kuryltaiy-burabaida

ПІКІР ҚАЛДЫРУ