Қазақстандық ЖОО-дың дайындық бөлімдерінде азаматтығы жоқ қазақтарға 1000 орын бөлінді

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне 1000 орын бөлінді, деп хабарлайды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі. Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының хабарлауынша, ЖОО-дың дайындық бөлімдері шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азамат және Қазақстан Республикасының тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар үшін. «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ, «Отандастар Қоры» КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылындағы Қазақстандық азаматтығы жоқ ұлты қазақ тұлғалар үшін бөлінген білім гранттары туралы ақпаратты Сіздерге жолдайды. Этникалық қазақтар мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде білім ала алды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына сәйкес 2019-2020 оқу жылына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орындарының дайындық бөлімінде ҚР-ның азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға 1000 орын бөлінді. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб порталы арқылы онлайн режимде жүргізіледі: https://enic-kazakhstan.kz. Құжаттарды онлайн режимінде тапсыру бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда телефон: +7(7172) 28-75-21 нөміріне және E-mail: cbpiam@n-k.kz бойынша хабарласуға болады. Сондай-ақ Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Телефон: 8(7172) 23 – 59 – 17 нөмеріне және E-mail: kazakhofworld@gmail.com бойынша поштасына хат жолдауға болады.

https://qazaqtimes.com

ПІКІР ҚАЛДЫРУ