ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫУЫМЕН «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ


Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастырыуымен Ақмола облысында «мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 20-ға жуық жеткіншек сабаққа қажетті дүниелермен қамтылды. Дәптер, қалам, сөмке және 5000 теңге көлемінде ақшалай көмек берілді, деп Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлайды.
Басты мақсат алыстан келген ағайын мен байырғы тұрғындар арасындағы байланысты нығайту. Қандастарымыздың ішінде тұрмысы төмен көп балалы отбасылардың балаларына мектептің құрал жабдықтары және басқалай қажетті заттарын алу үшін «TUGURUL HAN» қоғамдық бірлестігі демеушілік етті.
Салтанатты рәсімге қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері және қала тұрғындары көптеп жиналды. Ауқымды істерді межелеп отырған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Ақмола облыстық филиалы алғашқы сәттен-ақ елді елең еткізді. Алдымен «Мектепке жол» акциясы аясында бірнеше балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар, ақшалай көлемінде көмек тарту етілді.
Балалардың қуанғаны – нағыз бақыт. Бүгінде кәсіпкерлер жыл сайын акцияға белсенді қатысуда. Қайырымдылық шара аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 20-ға жуық жеткіншек сабаққа қажетті дүниелермен қамтылды. Дәптер, қалам, сөмке және 5000 теңге көлемінде ақшалай көмек. Мұнда сабаққа қажетті дүниелердің барлығы бар. Бұл заттардың басым бөлігін сатып алуға кәсіпкер азаматтар қолғабыс еткен. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері барша азаматтарды отбасыларға көмек көрсетуде, сондай-ақ, балалардың сапалы білім алуы үшін барынша үлес қосуға шақырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ