МЕКТЕПКЕ ЖОЛ. АКЦИЯСЫ ҚОЛДАУШЫЛАР КӨП


ДК: Балалардың қуанғаны – нағыз бақыт. Бүгінде мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлер жыл сайын акцияға белсенді қатысуда. Жағдайы төмен отбасылардың балаларына көмектесу ниетімен Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының облыстық филиалы да «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына белсене қатысуда.

РКС: Қайырымдылық шара аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 20-ға жуық жеткіншек сабаққа қажетті дүниелермен қамтылды. Дәптер, қалам, сөмке және 5000 теңге көлемінде ақшалай көмек. Мұнда сабаққа қажетті дүниелердің барлығы бар. Бұл заттардың басым бөлігін сатып алуға кәсіпкер азаматтар қолғабыс еткен. Қауымдастық мүшелері барша азаматтарды отбасыларға көмек көрсетуде, сондай-ақ, балалардың сапалы білім алуы үшін барынша үлес қосуға шақырады.

СНХ: ҚАРЛЫҒАШ БЕКПАТШАҚЫЗЫ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАЗАҚТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ НҰР-СҰЛТАН, АҚМОЛА ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ БАСШЫСЫ Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының 14 облыста филиалдары бар. Филиалдардың барлығы алыстағы ағайындармен тығыз қарым қатынас орнатып, байланыс жасап жатыр. Бүгінде Ақмола облысында Достық үйінен арнайы бір кабинет беруде. Міне сол кабинеттің ашылу рәсімін және қайрымдылық акциясын жүргізудеміз. Бұл енді алдағы оқу жылына орай көпбалалы ата-аналарға арнайы жасалып жатқан «Мектепке жол» акциясы. Иә, аталмыш шара дүниежүзі қазақтарының тікелей қолдауымен, сонымен қатар басқа да қоғамдық бірлестіктердің демеуімен өтіп жатыр. Яғни, Көкшетау қаласының, Красный Яр және Нұрлы көш ауылында тұратын ағайдарға бөлінген қажарат.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ