Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Өзбекстанда бизнес-форум өтті.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінің, «Атамекен» ҰКП ССП-ның және Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының қолдауымен Өзбекстан Республикасында тұратын іскер қандастарымыз бен бизнес-форум өткізді, деп хабарлайды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бизнес-форум аясында шетелде тұратын қандастармен байланыс орнату және нығайту жөніндегі Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және қордың бағдарламаларының бір бөлігі болып табылады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Өзбекстандағы қазақ диаспорасы өкілдерімен іскерлік қарым-қатынас орнату. Іс-шараға қатысушы іскер отандастарды алдымен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы құттықтап, Өзбекстандағы қандастармен бизнес-форум өткізу мақсаты мен миссиясын түсіндірді. Сонымен қатар, екі ел арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан бауырластықты одан әрі нығайту үшін іскерлік байланыстарды күшейту керек екендігін алға тартты.

Зауытбек Қауысбекұлы өз сөзінде, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Отандастар қоры қызметтерінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ шетелдегі диаспорамен жұмыс істеу жөніндегі негізгі жобаларын атап өтті. Аталған іс шараға ҚР Өзбекстандағы өкілетті елшісі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы арнайы келіп,  Отандастар қорының ұйымдастыруымен Өзбекстандағы қандастар арасында алғаш рет өткізілген бизнес-форумның өтуімен қатысушыларды құттықтады. Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы Үсенов Серікбай Назарұлы Өзбекстан Республикасындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің экономикалық мүмкіндіктері жайында сөз қозғап, іскер қандастардың негізгі кәсіп салаларын және Қазақстанмен іскерлік байланысты нығайтуға алдымен сауда-саттықты күшейту қажет екенін алға тартты. Сондай-ақ, іс-шараға Қазақстаннан арнайы келген ұлттық қолөнермен айналысатын «Жусан» кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы Тоғабай Нұрмұратұлы және «Ел тірегі» қазақстандық шағын және орта бизнес қауымдастығы төрағасы Асқар Әбубәкіров өздерінің нақты іскерлік жобаларымен таныстырды. Бизнес-форум барысында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының орынбасары Оспанов Арғын Серғазыұлы және Отандастар қоры Президентінің кеңесшісі Болат Дидар шараға қатысушылармен өзара іс-қимыл тетіктерін, шағын және орта бизнес саласындағы бизнес-бастамаларды ынталандыру, сондай-ақ стартаптарды қолдау және дамыту тетіктерін егжей-тегжейлі талқылады. Тоқыма өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының, қызмет көрсету саласының дамуына, технологиялық өндірістерді құруға негізделген Өзбекстан нарығының бейінін ескере отырып, осы салаларға баса назар аударылды. Форум қатысушыларына Қазақстан облыстарының инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

Форум жұмысына 50-ден астам адам қатысты. Қатысушыларға өздерін қызықтыратын стартаптар, бизнес-бастамалар, қолда бар жобалар туралы айтып, спикерлерге сұрақтар қойып, бизнес жоспарлар мен бастамаларды Қазақстанда, сондай-ақ халықаралық нарықта жылжыту мүмкіндіктерін талқылады.

Форум соңында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының Бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы Өзбекстанда тұратын қандастарды ДҚҚ мен Отандастар қорының ұсыныстарға ашық және тұратын жеріне қарамастан барлық отандастармен «байланыста» тұрғанын, ол үшін барлық өзекті мәселелер бойынша кеңес беретін және ақпараттық қолдау көрсететін отандастар мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арнайы құрылғанын атап өтті.

Өзбекстандағы бизнес-форум тамыз айында Сан-Франциско қаласында өткен форумнан кейінгі төртінші бизнес-форум болып табылады. Түрлі елдерде тұратын отандастармен 8 елде (ГФР, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Түркия және Ресей) бизнс-форумдар өткізу жоспарланған, келесі Бизнес-форум 2019 жылы 20 қыркүйекте Лондон қаласында (Ұлыбритания) өтеді.

https://qazaqtimes.com/article/69217

ПІКІР ҚАЛДЫРУ