Оспан батырдың 120 жылдық мерейтойы атап өтілді

Қарағанды облысында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен “Оспан батырдың 120 жылдық мерейтойы аталып өтті, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Шараның басты мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы аясында “Елге ел қосылса-құт” деп аталатын іс-шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қарағанды облысындағы филиалымен Қарағанды облысы әкімдігінің бірлесуімен өткізіліп отыр, – деп хабарлайды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметінің басшысы Сырымбек Төлеуұлы Салтанатты рәсімге Моңғолиядан Оспан батырдың ұрпақтары Хасенұлы Тұңғышбай, Тұңғышбайұлы Асқар тағы басқа да ұрпақтары келді. Олар қолбасшының “Ерін” әкелді. “Теміржолшылар” мәдениет үйінде “Оспан батырдың” 120 жылдығына арналған концерт өтті.

Бұл мерекеге ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, журналистер және 500 жуық қонақтар қатысып, Оспан Исламұлының өмірі туралы әңгімеледі. Одан кейін Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлының идеясы бойынша түсірілген фильм көрсетілді. Оспан батыр-халқымыздың мақтанышы. Оның әскери даңқымен қатар, ұрпақтан ұрпаққа оның дипломатиялық жетістіктері туралы аңыздар беріледі. Оның бейнесі-көптеген ұрпақ үшін үлгі болып табылатын ерлік, ұмтылу мен ойлаудың нышаны. Хасенұлы Тұңғышбай Оспан батырдың немересі батырдың “Ерін” халыққа көрсетті. Оны Моңғолиядан әкелген. Алдағы уақытта батырдың “Ерін” “Нұр-Сұлтан” қаласындағы Орталық музейге тапсыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, түскі ас пен ұлттық спорт түрлері ұйымдастырылып, ұлттық өнеріміз “балуан” күресі өтті. Шараның соңында “Оспан батырға арналып ас берілді.

 

https://kaz.tengrinews.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ