Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және “Қара шаңырақ” ұжымы киелі Ерейментау жерінің Күншалған ауылында болды.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және "Қара шаңырақ" ұжымы киелі Ерейментау жерінің Күншалған ауылында болды.

Ондағы мақсатымыз шет елден көшіп келіп жатқан қандастарымызды шаруашылыққа жайлы, өмір сүруге қолайлы елді мекендерге қоныстандыру.
Ерейменнен жүз шақырым жерде Сарыарқаның сары даласында орналасқан Күншалған ауылының
табиғаты тамаша, тау, жартас, орман-тоғай, көлі бар, сұлу жер екен!
Бұйратау ұлттық табиғи паркі де бар. Сапар барысында ауылдың əкімі Айланыш Тілекберді мырза ел жағдайымен таныстырып, өзінің де Монғолия жерінде туып, елге келіп білім алып, қызмет етіп жатқанын тілге тиек етті. Биылғы жылы екі отбасы Қытай Халық Республикасынан көшіп келіп, өз кәсіптерін ашса, Монголиядан келген жас жанняға қолдау көрсеттік деді. Ал ертеректе көшіп кеогенлер түрлі салада қызмет етуде. Жалпы 31 отбасы шетелден көшіп келген, оның 18 мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде жұмыс істейді, 11 отбасы жеке кәсіппен айналысады. 1 отбасының жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар екен. Көшіп келем деуші қандастарымыз болса есігіміз ашық, босап қалған үйлерге орналастыру жағын ойласамыз деп ағынан ақтарылды. Өзге елде туып, өз еліне адал қызмет етіп жүрген Тілепберді сияқты жастар қаншама.
Мектеп əкімшілігі мен аудан əкімімен “Этнолагерь” ұйымдастыру мəселесі талқыланды. Қалада өсіп, ауыл өмірінен хабарсыз жастарды, жаз айларында ауылға әкеліп, ауыл өмірімен таныстыру мақсатында Этнолагерь таптырмас жоба. Оған шетелден келетін жастарды тартсақ деген ойда жоқ емес, ол енді келешектің еншісінде. Ішкі туризімді дамытып, Оңтүстіктің жаз айларындағы аптап ыстығынан , табиғаты тамаша, ауасы жұпар осындай жерлерге әкеліп демалдыру да жобада бар.

Ауыл -ұлтымыздың алтын бесігі. Кейінгі кезде урбанизация салдарынан ауыл тұрғындары қалаларға ағылып, көп ауылдар қаңырап бос қалуда. Бұл жағдай Күншалған ауылын да айналып өтпепті. Бос қалған, қираған үйлерді көріп, көңіл-күйіміз түскенімен, қонақжай ауыл халқын көріп, əлі де болса ауылдың ахуалын көтеруге болады-ау деген ой келді.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы да өз кезегінде қандастарымызға осындай ауылдарды дәріптемекпіз.
Іс-шараны ұйымдастыруға мұрындық болған Əубəкірова Қатима Сапарбекқызына, Сағымбаева Гүлмира Амантайқызына жəне ауыл əкімі Айланыш Тілекберді мырзаға ризашылығымызды білдіреміз.

Қайтар жолда Олжабай батырдың кесенесіне соғып батыр аруағына құран бағыштадық

ПІКІР ҚАЛДЫРУ